Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Зілзаланың Қырғызстандағы эпицентрінде тұрғын үйлерге зақым келді

14 Қараша 2014, 11:23
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Қырғызстанда зілзаланың эпицентрінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандар бүлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Қырғызстанда магнитудасы 5,6-ға тең жер сілкінісі 14 қараша күні сағат 07.24-те болды.

Ыстықкөл облысының Тон ауданындағы ауылдарда тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға зақым келді, үйлердің қабырғасына сызат түскен. Қазіргі уақытта Ыстықкөл облысының Азаматтық қорғаныс комиссиясы үйлердің қаншалықты деңгейде бүлінгенін анықтап жатыр. Ауылдарда аулалар тексеріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен қираған үйлер жоқ. Жер сілкінісінің эпицентріне жақын ауыл мектептерінде сабақ өткізілмейді.   

Қырғызстан Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағында Қорғанды Бұлақ ауылы бар. Ол жақтағы адам өлімі мен үйлердің қирағаны жайлы ақпарат әзірше белгісіз қалып отыр. Қырғызстан Сейсмология институты өкілдерінің айтуынша, республикада сейсмикалық белсенділік 2016 жылға дейін созылады. Еске сала кетейік, Қырғызстандағы жер сілкінісі 14 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 07.24-те Алматыдан оңтүстікке қарай 106 шақырым қашықтықта тіркелді. Оның эпицентрі Қырғызстан аумағында - Шолпан Ата қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымда анықталды. Тереңдігі - 47 шақырым. Алматыда жерасты дүмпулері 3-4 балл болып сезілді. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай