13 маусым 2014 10:04

2014 жылғы әлем чемпионатының алғашқы ойынында Бразилия Хорватияны ұтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"2014 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы ойынында Бразилия Хорватияны ұтты" деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.

Сан-Паулода өткен алғашқы ойын 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. 2014 жылғы әлем чемпионатының алғашқы добын алаң иелерінің аяқдоп шебері Марсело ойынның 11-шы минутында өз қақпасына соқты. Онан соң екі доп соққан Неймар мен бір доп соққан Оскар алаң иелерінің жағдайын түзеді.

Сонымен Бразилия құрамасы "А" тобында көш бастады. Бүгін осы топтағы Камерун мен Мексика өзара күш сынасады. Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.

2014 жылғы футболдан әлем чемпионатының салтанатты ашылуы Сан-Паулодағы "Коринтианс" стадионында болып өтті. Салтанатты шараға 600-ге жуық әншілер мен әртістер қатысты. Ашылу салтанатын Дженнифер Лопес, Питбуль және Клаудии Лейтте We Are One әнімен аяқтады.

Мундиаль Бразилияның 12 қаласында 13 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. Әлем чемпионатының финалдық бөлігіне 32 ұлттық құрама қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети