02 қаңтар 2020 14:23

2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқан футболшы "Қайратқа" ауысуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Яцек Гуральски. Фото: sporowefakty.pl Яцек Гуральски. Фото: sporowefakty.pl

Болгариялық "Лудогорец" пен Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски алматылық "Қайратқа" ауысуы мүмкін. Бұл туралы UEFA.com тілшісі Петр Козьминьски хабарлады. 


Болгариялық "Лудогорец" пен Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски алматылық "Қайратқа" ауысуы мүмкін. Бұл туралы UEFA.com тілшісі Петр Козьминьски хабарлады. 

Оның мәлімдеуінше, 27 жастағы Гуральски алматылық клубқа жазда "Лудогорецпен" келісімшарты біткен соң ауысуы мүмкін. ФИФА ережесі бойынша, футболшы қазір басқа командалармен келіссөз жүргізе алады.

"Лудогорец" сапында Гуральски 2017 жылдан бері ойнап келеді, бүгінде екі рет Болгария чемпионы атанған. Ал өз елінде "Ягеллония" мен "Вислада" өнер көрсеткен. 

Польша құрамасында футболшы 13 матч өткізіп, бір гол соққан. 2018 жылғы әлем чемпионатында екі ойынға қатысқан. ЕУРО-2020 іріктеу кезеңінде Горальски төрт матч өткізіп, командасының финалдық кезеңге жолдама алуына көмектескен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети