10 шілде 2014 10:31

ӘЧ-2014: Аргентина құрамасы немістерден қорықпайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гонсало Игуаин. ©Lenta.ru Гонсало Игуаин. ©Lenta.ru

Аргентина құрамасының шабуылшы Гонсало Игуаин Бразилияда өтіп жатқан футболдан ӘЧ-2014 финалында өз командасының Германия құрамасымен кездесуінен қорықпайтынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости


Аргентина құрамасының шабуылшы Гонсало Игуаин Бразилияда өтіп жатқан футболдан ӘЧ-2014 финалында өз командасының Германия құрамасымен кездесуінен қорықпайтынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

"Біз қарсыластарымыздан қорықпаймыз, құрметтейміз", - дейді Игуаин. "Олар да  ӘЧ-2014 финалында Аргентина құрамасымен кездесетініне алаңдаулы. Ең бастысы – біз финалға шықтық, қалғаны маңызды емес. Бәрі де соңына дейін күреседі". 

Аргентиналық тағы бір шабуылшы Серхио Агуэро өз командасының финалға шығатынына сенімді болғандарын айтты. "Көп адамдар біздің финалға шығатынымызға сенген жоқ. Бірақ біз өз комнадамыздың күшті екенін дәлелдедік", -дейді футболшы. 

Естеріңізге сала кетейік, таяуда ӘЧ-2014 жартылай финалының екінші ойынында аргентиналықтар Сан-Паулу алаңында нидерландылықтарды жеңіп, финалға шықты. Матчтың негізгі және қосымша уақытында екі команда да гол соға алмағандықтан жеңімпаз пенальти сериясымен анықталды. Нәтижесінде 4:2 есебімен аргентиналықтар басым түсті.

Аргентина құрамасы 13 шілде күні Германия құрамасымен кездеседі. ӘЧ-2014 жартылай финалының алғашқы матчында немістер алаң иелері бразилиялықтарды 7:1 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Финалдық кездесу Рио-де-Жанейродағы "Маракана" стадионында 13 шілде күні болады. Осы күні күндіз Нидерланды құрамасы бразилиялықтармен үшінші орынға таласады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети