24 маусым 2014 09:59

ӘЧ-2014: Бразилия мен Мексика плей-офф кезеңіне шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем біріншілігінің "А" тобынан плей-офф кезеңіне шыққан командалар дүйсенбі күні белгілі болды. Олар Камерун құрамасын ойсырата жеңген Бразилия мен Хорватия құрамасын тізе бүктірген Мексика командалары" деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорттық порталына сілтеме жасап.

Турнир иесі Бразилия құрамасы "Іркілмес арыстандарды" 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Гол авторлары Неймара (екі гол), Фреда, Фернандиньо (Бразилия) және Жоэля Матипа (Камерун).

Онымен қатар өткен ойында Мексика құрамасы Хорваттарды қапы қалдырды, есеп 3:1. Мексика командасы сапынан гол соққандар Хавьер Эрнандес, Рафаэль Маркес, Андрес Гуардадо, ал харваттардан Иван Перишич.

Бұған дейін турнирдің плей-офф кезеңіне Голландия, Чили, Коста-Рика, Бельгия құрамалары жолдама алған болатын. 1\8 финал ойындарында Голландия Мексикамен, ал Бразилия Чилимен күш сынасады.

Әлем чемпионаты 13 шілдеде мәресіне жетеді. Қазақстандық футбол жанкүйерлері ойындарды KazSport, "Қазақстан" және "Евразия" Бірінші арнасы" телеарналары арқылы көре алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети