12 қараша 2016 00:26

"Ақтөбе" футбол клубының бас директоры 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев үй қамауына алынды, - деп хабарлайды "Диапазон".


"Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев үй қамауына алынды, - деп хабарлайды "Диапазон".

11 қарашада № 2 қылмыстық сотта футбол функционерінің ісі бойынша бірінші сот отырысы өтті. Ол "Ақтөбе" клубының үздік алты команданың қатарына кіруіне заңсыз сыйақы беру жолымен бюджеттен 300 миллион теңге жымқырған деп айыпталып жатыр. Бұл баптың жазасы - мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Соталды тергеу органдары Васильевке қатысты қамау бұлтартпау шарасын қолдануды сұраған. Тергеу судьясы Зинаида Шмирова "Ақтөбе" бас директорын 8 қаңтарға дейін үй қамауына алу туралы шешім шығарды. Енді ол тергеу органдарының рұқсатынсыз үйінен шыға алмайды. Сондай-ақ, адвокаты мен жақын туыстарынан басқа адамдармен әңгімелесуге құқы жоқ. Оның үстіне айыпталушы интернет, телефон және байланыстың өзге де құралдарын қолдана алмайды.  

Еске салайық, 46 жастағы Дмитрий Васильевті 8 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері ұстаған болатын. "Ақтөбе" ФК-да ресейлік 2015 жылдың 6 желтоқсанынан бері жұмыс істейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети