Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"Ақтөбе" мен "Ордабасы" Еуропа лигасын бірінші кезеңде аяқтады

10 Шілде 2015, 07:23
1
©Massaget.kz
©Massaget.kz

Футболдан Еуропа лигасында ел намысын қорғаған «Ақтөбе» мен «Ордабасы» доданы бірінші айналымда аяқтады. Владимир Газзаев шәкірттері Эстонияда "Нымме Кальюмен" тең ойнаса, Виктор Кумыков командасы Иерусалимде "Бейтардан" жеңілді, - деп жазады Massaget.kz.

Қазақстандық екі клуб Еуропа лигасын бірінші іріктеу кезеңінде аяқтады. Ел сенім артқан "Ақтөбе" өз алаңында Эстонияның "Нымме Калью" клубына бірінші ойында есе жіберген еді. Қарымта кездесуде де Владимир Газзаев жаттықтыратын клубтың жолы болмады. Таллинде тең есеп тіркелді. Нәтижесінде "Нымме Калью" екінші іріктеу кезеңіне өтті. Енді эстониялық клуб екінші іріктеу кезеңінде Лихтенштейннің "Вадуц" клубымен кездеседі.

Шымкенттік клуб өз алаңында Израильдің "Бейтар" клубымен тең ойнады. Ойында басымдыққа ие болғанмен, есепте жағдай басқаша болды. Иерусалимде де Виктор Кумыков шәкірттері ширақ қимылдап, шабуылда белсенділік танытқанмен, қорғаушылардың бірнеше қателігі қарсыластардың гол соғуына мүмкіндік сыйлады. Алдымен 17 минутта Омер Ацили есеп ашса, екінші таймда Довев Габбай екінші голдың авторы атанды. Араға 6 минут сала Кирило Петров есепті қысқартқанмен, төреші ысқырығы шалынғанша "Ордабасы" ойыншылары таразы басын теңестіре алмады.

Айта кетейік, осыған дейін Алматының "Қайрат" клубы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне өткен болатын. 

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай