17 шілде 2014 02:21

"Ақтөбе" түзде Тбилисидің "Динамосын" тізе бүктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақтөбе" - "Динамо" ойыны. ©Fcdinamo.ge "Ақтөбе" - "Динамо" ойыны. ©Fcdinamo.ge

"Ақтөбе" футбол клубы 2014/2015 жылдар маусымындағы УЕФА чемпиондары лигасы додасын Тбилисиде бастап, жергілікті "Динамоны" 1:0 есебімен тізе бүктірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Ақтөбе" футбол клубы 2014/2015 жылдар маусымындағы УЕФА чемпиондары лигасы додасын Тбилисиде бастап, жергілікті "Динамоны" 1:0 есебімен тізе бүктірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ақтөбе" биылғы Чемпиондар лигасы додасына екінші електік кезеңнен қосылған болатын. Жеребе Тбилисидің әйгілі "Динамосымен" жолын түйістіргенде, тілімізді тістеп, секемденіп қалғанымыз да рас. Әрі осыдан бірер күн бұрын ғана өткен маусымдағы Қазақстан чемпионының бас бапкері де ауысқан еді.

Алайда, бос қобалжыған сияқтымыз. "Ақтөбе" Грузия астанасындағы алғашқы ойында сауатты ойын өрнегін көрсетті. Өздерінің аз ғана мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, екінші таймда гол соғып, жеңіске жетті.

Жалқы гол бразилиялық легионерлеріміздің орындауында соғылды. Сол қанаттан Андерсон Сантананың әуелетіп асырған пасына айып алаңы ішінде Данило Неко «әб жыландай» атылып, басымен қақпа бұрышына "қадады".

Бұдан кейін ақтөбеліктер жеңісті есепті уыстарынан шығарып алмауға тырысты. Рас, жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Өткен маусымдағы чемпионымыздың төрт ойыншысы ескерту алды. Әйтсе де, түзде жеңіске жетіп, биылғы Еурокубок додаларындағы Қазақстан клубтарының жеңісті жолын одан әрі жалғастырды.

Енді қарымта матчты күтеміз. 23 шілде күні Қазақстан және Грузия чемпиондары Ақтөбеде кездеседі.

"Динамо" (Тбилиси, Грузия) – "Ақтөбе" (Қазақстан) – 0:1
Гол: Данило Неко, 51.
Ескертулер: Досоудил, 59 – Царикаев, 49. Хайруллин, 55. Логвиненко, 61. Андерсон Сантана, 83.

"Динамо" (Тбилиси): Лория, Тотадзе, Досоудил, Гвелесиани, Шергелашвили, Джанелидзе (Циско, 46), Меребашвили (Марцваладзе, 66), Григалашвили, Папава, Дзария, Вухо (Хорда, 79).

"Ақтөбе": Сидельников, Мирошниченко, Арзуманян, Логвиненко, Андерсон Сантана, Царикаев, Пиззелли (Зенькович, 61), Хайруллин, Коробкин, Данило Неко (Шабалин, 81), Антонов (Кападзе, 72)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети