06 маусым 2014 17:38

Әлем біріншілігіне қатысатын футболшылардың допинг тесті Лозаннада тексеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: mir24.net Сурет: mir24.net

Әлем біріншілігіне қатысатын барлық футболшылардың қаны Швейцарияның Лозанна қаласында тексерілетін болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz


Әлем біріншілігіне қатысатын барлық футболшылардың қаны Швейцарияның Лозанна қаласында тексерілетін болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Қандай спорттық жарыс болмасын оның басында және аяғында міндетті түрде спортшылар допинг бақылаудан өтулері тиіс. Бұл процесстен алдыңғы әлем чемпионатына қатысатын футболшылар да өтетін болады. Бірақ, енді Бразилиядағы чемпионат барысында спортшылардың қандары Швейцарияның Лозанна қаласында тексеріледі. Өйткені, Бразилияда болған көптеген допинг дауына байланысты Халықаралық допингке күрес агенттігі (WADA) бұл елдің LADETEC зертханасынан лицензиясын алып қойған.

Әлем біріншілігіне қатысатын барлық 736 футболшы міндетті түрде допинг сынақтан өтулері тиіс. Енді зертхана Лозаннада орналасқандықтан допинг сынағы былай өтеді: алдымен спортшы құрамасымен бірге Бразилияға келеді, кейін командасымен бірге WADA-ның Бразилиядағы орталығында қан тапсырады. Тапсырылған қан 33 сағаттың ішінде Швейцарияға жеткізіледі.

Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) бас дәрігері Иржи Дворжактың айтуынша, тәжірибе ретінде алынған 750 сынама Лозаннаға 1 тәуліктен шамалы көп уақытта келген. Оның айтуы бойынша, барлық қан еш қиындықсыз, арнайы бөтелкелерде жеткізілген екен.

Ескере кететін жәйт, әлем біріншілігінің әрбір мачтарынан соң, екі команданың кез-келген екі ойыншысы допинг сынақтан өтуі тиіс. Бірақ, екі ойыншыны WADA мүшелері таңдап алады. Егер, футболшының қанынан қандай да бір рұқсат етілмеген дәрумен табылса, онда ол бірден әлем біріншілігінен аластатылады, сондай-ақ допингтің күшіне қарай футболдан да шеттетіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети