Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы әрі команда капитаны Лука Модрич Ресейде өткен әлем біріншілігінің ең үздік ойыншысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы әрі команда капитаны Лука Модрич Ресейде өткен әлем біріншілігінің ең үздік ойыншысы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеті ойында екі гол салып, командаластарын рухтандырған "Реал" ойыншысы "Алтын доп" иегері атанды. "Күміс допты" Бельгия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Эден Азар алды (алты ойында үш гол), "Қола медаль" - франциялық сұрмерген - Антуан Гризманға бұйырлы (жеті ойында төрт гол).
Жарыстағы ең үздік жас ойыншы атағына Франция құрамасының шабуылшысы 19 жастағы Киллиан Мбаппе лайықты деп танылды. ӘЧ-2018 жарысының үздік қақпашысы атағын Бельгия құрамасының ойыншысы Тибо Куртуа алды.
Әлем біріншілігінің финалы Мәскеудің "Лужники" стадионында өтті. Франция Хорватия құрамасын 4:2 есебімен жеңді.