30 маусым 2014 18:10

Алжир - Германия кездесуін қайдан тамашалаймыз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Бүгін, 30 маусым күні Бразилия жерінде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында плей-офф кезеңінің үшінші күні болады, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.


Бүгін, 30 маусым күні Бразилия жерінде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында плей-офф кезеңінің үшінші күні болады, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.

Бірінші болып жасыл алаңға Франция мен Нигерия құрамасы шығады. Астана уақытымен 22.00-де басталатын бұл ойынды "Еуразия" Бірінші арнасы" тікелей эфирде көрсетеді. Ал сағат 02.00-де Германия мен Алжир құрамалары арасындағы кездесу басталады. Бұл матчты тікелей эфирде "Қазақстан" ұлттық арнасы мен KazSport арналары тікелей таратады. 

Еске салайық, 12 маусымда басталған футболдан әлем чемпионаты 13 шілдеге дейінгі аралықта Бразилияның 12 қаласында өтеді. Әлем чемпионатында топ жарған құрама 35 миллион доллар алады. Екінші орын алған команда 25 миллион алса, үздік үштіктің қатарынан көрінген ұжым 22 миллион доллар алады.

Айта кетейік, футболдан ХХ әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне Колумбия, Уругвай, Бразилия, Чили, Франция, Нигерия, Германия, Алжир, Нидерланды, Мексика, Коста-Рика, Грекия, Аргентина, Щвейцария, Бельгия және АҚШ құрамалары шыққан болатын. Плей-офф кезеңінің алғашқы екі ойын күндерінің нәтижесінен кейін әлем біріншілігімен Коста-Рика ұжымынан 2:0 есебімен жеңілген Уругвай құрамасы және Бразилиядан жеңілген Чили командасы қош айтысты. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети