31 желтоқсан 2018 12:41

Алматылық "Қайрат" үш легионердің клубтан кететінін хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қайрат" ФК © "Қайрат" ФК

"Қайрат" футбол клубы ресми сайтында хабарлама таратып, хорватиялық Иво Иличевичтің, венгриялық Акош Электің және бразилиялық Хуан Фелипенің алматылық клубтан кететін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


"Қайрат" футбол клубы ресми сайтында хабарлама таратып, хорватиялық Иво Иличевичтің, венгриялық Акош Электің және бразилиялық Хуан Фелипенің алматылық клубтан кететін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"31 желтоқсанда "Қайрат" футбол клубы мен үш ойыншы арасындағы еңбек қатынасы аяқталады: Иво Иличевич, Акош Элек және Хуан Фелипе клубтан кетеді. "Қайрат" футбол клубы ойыншылардың әрқайсысына тамаша істеген жұмысы үшін алғыс айтып, мансап жолдарына сәттілік тілейді", - делінген хабарламада.

Хорватиялық жартылай қорғаушы Иво Иличивич "Қайрат" клубына 2017 жылы қаңтарда келіп, 41 матчта ойнады, 15 гол соғып, сегіз мәрте берген добы нәтижелі болды. 

Венгриялық Акош Элек "Қайрат" клубына 2017 жылы наурызда келді: 63 матчта ойнап, үш рет берген добы нәтижелі болды. 

Бразилиялық Хуан Фелипе "Қайрат" клубына биыл наурызда келіп, 30 матчта ойнады және үш рет берген добы нәтижелі болды.

Айта кетейік, бұған дейін "Қайраттан" қазақстандық маман Андрей Карпович кетті. Карповичтің айтуынша, "Қайрат" басшылығы оған қалуды ұсынып, команданың жаңа бапкерінің бапкерлік штабына кіруді айтқан, бірақ ол бас тартыпты. Осы маусымдық аралықта "Қайрат" клубының басшылығына беларусиялық 30 жастағы маман Алексей Шпилевский келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети