10 қаңтар 2019 16:21

"Астана" 800 мың еуроға алған легионер келісімшартты үзіп, бұрынғы клубына кетіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fcastana.kz © fcastana.kz

"Астана" футбол клубының босниялық жартылай қорғаушысы Срджан Граховац командадан кетіп, аустриялық "Рапидке" оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы krone.at басылымына сілтеме жасап. 


"Астана" футбол клубының босниялық жартылай қорғаушысы Срджан Граховац командадан кетіп, аустриялық "Рапидке" оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы krone.at басылымына сілтеме жасап. 

"Рапидтің" спорт директоры Фреди Бикель жартылай қорғаушы Граховацтің оралатынын мәлімдеді. Дүйсенбі, 7 қаңтарда футболшы Венада дәрігерлер тексерісінен сәтті өтіп, кеше "Астанамен" келісімшартын үзгенін хабарлады.

Екі жыл бұрын астаналық клуб босниялық ойыншы үшін 800 мың еуро беріп, онымен бірге чемпион болды. Алайда маусым соңында хорватиялық "Риекаға" жалға берілді. Қазір футболшы аустриялық клубқа тегін өтті.

"Астана" сапында Срджан Граховац 36 матч өткізіп, сегіз гол салды және үш нәтижелі пас берді. Соныме бірге, Қазақстан Суперкубогын ұтып, астаналықтарға Еуропа лигасының топтық кезеңіне және 1/16 финалға өтуге көмектесті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети