"Астана" - "Атлетико" арасындағы кездесудің билет құны белгілі болды

18 Қыркүйек 2015, 17:22
0
"Астана" - "Атлетико" арасындағы кездесудің билет құны белгілі болды - © Fanswear.org
© Fanswear.org

"Астана" - "Атлетико" арасындағы кездесудің билет құны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте елордалық клуб өз алаңында "Галатасарайды" қабылдайды.

"УЕФА өкілдері "Галатасарай" мен "Бенфика" клубына қарсы ойында билет құны 2 мың мен 10 мың теңге аралығында болу керектігін айтты. "Атлетико" клубына қарсы матчта ең қымбат билет 12 мың теңге болады. "Жұмсақ" және ВИП-орындарға бөлек баға қарастырылған. Билеттердің көшірмесін жасау мүмкін емес. Стадионға кірер ауызда билеттер арнайы құрылғымен тексеріледі", - деп жазылған елордалық клубтың хабарламасында.

Айта кетейік, бірден үш кездесудің билеттері сатылымға шығады. Сондықтан да жанкүйерлер өзіне ыңғайлы орынды алдын ала сатып ала алады. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай