01 қазан 2015 09:22

"Астана" бапкері: Біз үздік болдық, сондықтан жеңуіміз керек еді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

"Астананың" бас бапкері Станимир Стойлов "Галатасараймен" өткен кездесуден кейін шәкірттерінің ойынына көңілі толғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астананың" бас бапкері Станимир Стойлов "Галатасараймен" өткен кездесуден кейін шәкірттерінің ойынына көңілі толғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бүгін "Астана" клубы және Қазақстан футболы үшін тарихи күн болды. Біз бірінші таймда жәй ойнадық. Одан кейін күш жинап алдық. Голды оңай жіберіп алғанымыз өкінішті болды. Шынымды айтсам, нәтижеге көңілім толды. Біз мықты бола тұрып жеңбегенімізге аздап қапаланып тұрмын. Біз үздік болдық", - деді бапкер.

Стойлов бірінші таймнаy кейінгі үзілісте киім ауыстыратын орында не болғанын айтып берді. "Мен олардан сабырлы болуын сұрадым. Олардың қалай қобалжығанын көрдім", - деді ол.

Оның не айтқанын толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске салайық, "Астана" - "Галатасарай" матчы 2:2 есебімен аяқталды, ал Подольский ойынның антиқаһарманы аталды. Осылайша, Станимир Стойловтың шәкірттері Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бірінші ұпайға ие болып отыр. Келесі матчты "Астана" 21 қазанда Мадридте өткізеді. Қарсыласы - "Атлетико".

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети