29 қыркүйек 2015 | 17:26

"Астана" бас бапкері команданың мүмкіндігіне баға берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

"Астана" клубының бас бапкері Станимир Стойлов Чемпиондар Лигасы аясында "Галатасараймен" болатын ойынның алдында өз командасының мүмкіндігін бағалады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

"Астана" клубының бас бапкері Станимир Стойлов Чемпиондар Лигасы аясында "Галатасараймен" болатын ойынның алдында өз командасының мүмкіндігін бағалады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу алдындағы баспасөз мәслихатында Стойлов команда үшін де, Қазақстан үшін де алдағы ойын тарихи маңызды екенін айтты. "Ойыншыларымның мүмкіндігі 100 пайыздан да жоғары. Егер менің ойыншыларым қолынан не келетінін көрсете алса, онда ұпай ала алады. "Галатасарай" ертеңгі ойында фаворит. Дегенмен біз мүмкіндіктерді пайдалана алсақ, мақсатымызға жетеміз", - деді бас бапкер.

Ол "Галатасарайдың" ұйымшыл және мықты команда екенін, дегенмен қазақстандық клубтың жеңіске жетуге мүмкіндігі барын алға тартты. "Егер біз өзімізді фаворит санасақ, онда жазаға тартылуымыз мүмкін. Бірақ біз үшін ұйымшылдықпен және тәртіппен ойнау өте маңызды", - деді Стойлов. Баспасөз мәслихаты туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, матч ертең, 30 қыркүйекте "Астана-Арена" стадионында жергілікті уақытпен сағат 22.00-де басталады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети