13 қараша 2015 16:30

"Астана" - "Бенфика" футбол матчының көрермені автомобиль ұтып алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" - "Бенфика" футбол матчының көрермені автомобиль ұтып алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Чемпиондар лигасының топтың турнирінің матч 25 қарашада Астанада өтеді.


"Астана" - "Бенфика" футбол матчының көрермені автомобиль ұтып алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Чемпиондар лигасының топтың турнирінің матч 25 қарашада Астанада өтеді.

"Астана" клубының әлеуметтік желілердегі ресми тобында матчқа келетін көрермендердің бірнеше жүлде ұтып алуы мүмкін екендігі айтылған. Оның ішінде, 8 желтоқсанда Стамбұлда өтетін "Галатасарай" - "Астана" матчына билет те бар, Чемпиондар лигасының финалына билеттер және бас жүлде - автомобиль. 

Кімнің ұтып алғаны матчтан кейін анықталады. "Ойынға қатысу үшін стадионға кірер кезде лотерея барабанына билеттің бөлінетін тілімін тастау керек. Ойыннан кейін ұтыс жеңімпаздары белгілі болады", - делінген хабарламада. 

16 қыркүйекте Лиссабонда елордалық клуб Португалияның "Бенфика" клубынан жеңілген болатын. 

Ал Астанада өткен екі матчта қазақстандық команда "Галатасарай" және "Атлетикл" клубтарымен тең ойнаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети