23 ақпан 2018 09:14

"Астана" Еуропа Лигасындағы қарымта кездесуде "Спортингпен" тең түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

EUTERS/Rafael Marchante© EUTERS/Rafael Marchante©

"Астана" футболшылары Еуропа Лигасының 1/16 финалындағы қарымта кездесуде португалиялық "Спортингпен" тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астана" футболшылары Еуропа Лигасының 1/16 финалындағы қарымта кездесуде португалиялық "Спортингпен" тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Лиссабонның" "Жозе Алваладе" стадионында өткен ойын 3:3 есебімен аяқталды. Алаң иелері үшінші минутта гол соққан, оның авторы голландиялық форвард Бас Дост болды. 37-ші минутта хорват жартылай қорғаушысы Марин Томасов есепті теңестірді. 

Екінші таймда "Астана" алға шыға алар еді, тек Деспотовичтің 52-ші минуттағы голы офсайд болғандықтан саналмай қалды. Осыдан кейін "Спортинг" шабуыл жасап, Бруну Фернандеш гол соқты. Ал 63-ші минутта ол дубль тіркеді. 80-ші минутта "Астана" Патрик Твумасидің голы арқылы есепті 2-3-ке жеткізген, ал матч аяқталар тұста Дмитрий Шомко есепті теңестіріп кетті. 


REUTERS/Rafael Marchante©

Еске салайық, "Астана" мен "Спортинг" бірінші ойында 1:3 есебімен аяқталған. Қазақстандық клуб бірінші таймнан кейін тіпті жеңіп тұрған еді, тек екінші таймның басында-ақ бірден үш гол жіберіп алған. Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша португалдар 6:4 есебімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға шығып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети