03 қараша 2015 22:50

"Астана" футбол клубы тағы бір тарихи ұпайға ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Чемпиондар лигасы аясында болған ойында "Астана" футбол клубы тағы бір тарихи ұпайға ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесу елордадағы "Астана Арена" стадионында өтті.


Чемпиондар лигасы аясында болған ойында "Астана" футбол клубы тағы бір тарихи ұпайға ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесу елордадағы "Астана Арена" стадионында өтті.

Матчтың алғашқы таймында "Астана" клубынан Кабананга ерекше көзге түсті. Ол "Атлетико" қақпасына бірнеше рет қауіп төндіре білді. Мадридтік команда қазақстандық клубтың қақпасына бірнеше соққы ұйымдастырғанмен, матчтың алғашқы таймы 0:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жанкүйерлер стадионда спортшыларға керемет қолдау көрсете білді. Олар толқын ұйымдастырып, телефондарының жарығымен флешмоб жасады.

Екінші тайм Дмитрий Шомконың 47-ші минуттағы соққысымен басталды.  "Астана" мадридтік клубтың қақпасын жарып өтуге сәл қалды, сондықтан да испандар ереже бұзуға мәжбүр болды. Қазақстандықтар айып добын қақпаға дәл бағыттай алған жоқ. "Астана" - "Атлетико" арасында өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, "Астана" мен "Атлетико" бұған дейін Мадридте кездескен болатын. 21 қазанда өткен ойын 0:4 есебімен аяқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети