15 қыркүйек 2017 08:52

"Астана" футбол командасы "Вильярреалға" есе жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" футболшылары Еуропа Лигасының топтық кезеңінде сырт алаңда өткен кездесуде испанның "Вильярреал" клубынан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астана" футболшылары Еуропа Лигасының топтық кезеңінде сырт алаңда өткен кездесуде испанның "Вильярреал" клубынан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын 14 қыркүйекте "Эстадио де ла Серамика" стадионында өтіп, 3:1 есебімен аяқталды. Бірінші голды алаң иелері соғып кетті. Бұл 16-шы минут болатын - италиялық шабуылшы Никола Сансоне көзге түсті.  

Екінші таймда "Астана" есепті теңестірген. Гол авторы (68-ші минутта) қорғаушы Юрий Логвиненко ганалық форвард Патрик Твумасидің бұрыштамадан көтерген добын баспен қақпа торында тулатты.  

Алайда тең есепті сақтап тұру мүмкін болмады. 75-ші минутта алмасқан Седрик Бакамбю гол соқты. Тағы бірнеше минут өткенде "Вильярреалдың" ресейлік жартылай қорғаушысы Денис Черышев отандық клубтың қақпасына доп салып кетті.


© vk.com/astanafootballclub

Екінші турда "Астана" 28 қыркүйекте өз алаңында чехтің "Славия" командасын қабылдайды. Ойын 21.00-де басталады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети