Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Астана" футболшысы әлемдегі үздік 100 жас ойыншы рейтингіне кірді

24 Қараша 2015, 15:26
0
Неманья Максимович. © 24sports.com.cy
Неманья Максимович. © 24sports.com.cy

"Астана" командасының сербтік жартылай қорғаушысы Неманья Максимович әлемнің ең үздік жас ойыншылары қатарына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл рейтингті атақты 101greatgoals.com порталы құрастырған, онда 1994 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған 101 футболшы бар.

Олардың арасында әлемдік футболдың көптеген жарқын жұлдыздары бар - Хакан Чалханоглу ("Байер"), Курт Зума ("Челси"), Матео Ковачич ("Реал"), Мемфис Депай ("Манчестер Юнайтед") және тағы да басқалары. Ал қазақстандық чемпионат өкілдерінен "Астана" ойыншысы Неманья Максимович бар.

Айта кетейік, бұған дейін 20 жастағы Максимович Golden Boy сыйлығынан үміттілер қатарына кірді. Сыйлық италиялық Tuttosport басылымының тұжырымы бойынша Еуропаның ең үздік жас ойыншысына беріледі. Ойыншыға мына жерде дауыс беруге болады.

Бұл маусымда Максимович "Астана" құрамында Қазақстанның чемпионы атанды. ҚПЛ-да оның есебінде тоғыз гол мен 22 ойында үш голдық доп шығаруы бар. Қазір Максимович клубпен бірге ертең, 25 қарашада "Астана Аренада" "Бенфика" командасына қарсы өтетін матчқа дайындалып жатыр. Ойынды тікелей эфирде сағат 21.00-де "ОН ТВ" (бұрынғы "ТАҢ") көрсетеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай