09 қаңтар 2017 08:53

"Астана" футболшысы "Валенсияда" ойнайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сербтің жартылай қорғаушысы Неманья Максимович осы қыста "Астана" футбол клубынан кететінін мәлімдеді. Таяуда ол испанның "Валенсия" клубымен келісімшартқа қол қояды екен. Бұл туралы ойыншы сербтің B92 басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Сербтің жартылай қорғаушысы Неманья Максимович осы қыста "Астана" футбол клубынан кететінін мәлімдеді. Таяуда ол испанның "Валенсия" клубымен келісімшартқа қол қояды екен. Бұл туралы ойыншы сербтің B92 басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Валенсияның" ұсынысына бірден келісім бердім, себебі ол үлкен клуб, - дейді Максимович. - Еуропаның үздік командаларынан көп ұсыныс түсті, бірақ біз "Валенсияны" таңдадық - маған жаңа клуб ұнайды. Испан лигасы мен үшін жақсы болады деп ойлаймын. "Астанамен" келісімшарт жарты жылдан кейін аяқталады - ауысуым командаға кедергі келтірмейді деп ойлаймын. Келісім бес-алты күннен кейін жасалады".

B92 басылымының мәліметінше, 21 жастағы хавбекке лиссабондық "Бенфика", "Монако" және "Ювентус" таласқан. Испан клубы алдын ала келісімшарт жасасқан. Келісімшарттың бес жылға жасалатыны, ол үшін ойыншыға жеті миллион еуро берілетіні де айтылып отыр. Жаңа құрамда Максимович алаң ортасында ойнайды делінеді.

Неманья Максимович - Сербияның жасөспірімдер құрамасынык капитаны (U19) болған кезде 2013 жылғы Еуропа чемпионы атанды, ал жастар құрамасының (U21) сапында ойнағанда 2015 жылғы әлем чемпионы болды. Таяуда ересектер арасындағы ұлттық құраманың сапында алғашқы матчын өткізген.

Ол "Астана" сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Екі маусымда ол Қазақстан чемпионатын екі мәрте жеңіп алды, Ел Кубогын бір рет жеңсе, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдерінде ойнаған. Қазақстан премьер-лигасында Максимович 54 матч өткізіп, тоғыз гол соққан және голға алты пас шығарған.

Vesti.kz мәліметінше, Максимович "Валенсияға" өтсе, ол Қазақстан чемпионатындағы Испания чемпионатында мансабын жалғастырған тұңғыш футболшы болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети