15 қыркүйек 2015 22:54

"Астана" жасөспірімдер командасы Чемпиондар лигасының бірінші ойынында 8 гол жіберіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

"Астана" жасөспірімдер командасы Чемпиондар лигасының бірінші ойынында португалиялық "Бенфика" клубынан 8 гол жіберіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 


"Астана" жасөспірімдер командасы Чемпиондар лигасының бірінші ойынында португалиялық "Бенфика" клубынан 8 гол жіберіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Португалияда өткен кездесу 8:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Португалиялық команда бірінші таймның өзінде алты гол соқты, ал үзілістен кейін тағы да екі допты қазақстандық клубтың қақпасына дарытты. "Бенфика" клубында Диогу Гонсалвеш хет-трик жасады, Жозе Гомеш пен Илдеберту Перейра дубльден тіркесе, Гонсалу Родригеш бір рет көзге түсті. Соғылған голдарды мына жерден көре аласыздар.

Айта кетейік, "Астана" (U-19) футболшылары УЕФА Жасөспірімдер лигасында антрирекорд жаңартты. Бүгінге дейін ең ірі есеппен ұтылған команда ретінде "Марибор" клубы "көш бастап тұрған" еді. Олар 2014 жылдың 5 қаңтарында "Челсиден" 7:0 есебімен ойсырай ұтылған еді. 

Еске сала кетейік, ересектер арасындағы матчта елордалық клуб Португалияның "Бенфика" клубымен кездеседі. Матч Астана уақыты бойынша сағат 00.45-те басталады. Кездесуді "Таң" телеарнасы тікелей эфирде таратады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети