"Астана" футболшылары бүгін, 14 тамызда Глазгоға аттанды, алда олар Чемпиондар лигасының плей-офф раундының аясында "Селтикке" қарсы ойын өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz елордалық клубның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана" құрамында сырт алаңдағы ойынға мына ойыншылар аттанды:
Қақпашылар: Ненад Эрич, Аблайхан Дуйсен, Александр Мокин.
Қорғаушылар: Игорь Шитов, Марин Аничич, Юрий Логвиненко Дмитрий Шомко, Берік Шайыхов, Евгений Постников, Сергей Малый, Абзал Бейсебеков.
Жартылай қорғаушылар: Срджан Граховац, Серікжан Мұжықов, Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Марин Томасов, Асхат Тағыберген.
Шабуылшылар: Джордже Деспотович, Джуниор Кабананга, Патрик Твумаси, Роман Муртазаев.
Команда бүгін Глазгода жаттығу өткізеді, ал ертең матч қарсаңындағы ресми іс-шаралар өтеді.
Ойынның өзі Глазгода 16-нан 17-не қараған түні Астана уақытымен 00:45-те басталады. Тікелей эфирде матчты KazSport телеарнасы көрсетеді.