"Астана" клубының "Селтикке" қарсы ойынға шығатын футболшылары анықталды

14 Тамыз 2017, 11:05
0
"Астана" клубының "Селтикке" қарсы ойынға шығатын футболшылары анықталды -

"Астана" футболшылары бүгін, 14 тамызда Глазгоға аттанды, алда олар Чемпиондар лигасының плей-офф раундының аясында "Селтикке" қарсы ойын өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz елордалық клубның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана" құрамында сырт алаңдағы ойынға мына ойыншылар аттанды: 
Қақпашылар: Ненад Эрич, Аблайхан Дуйсен, Александр Мокин.
Қорғаушылар: Игорь Шитов, Марин Аничич, Юрий Логвиненко Дмитрий Шомко, Берік Шайыхов, Евгений Постников, Сергей Малый, Абзал Бейсебеков.
Жартылай қорғаушылар: Срджан Граховац, Серікжан Мұжықов, Иван Маевский, Ласло Кляйнхайслер, Марин Томасов, Асхат Тағыберген.
Шабуылшылар: Джордже Деспотович, Джуниор Кабананга, Патрик Твумаси, Роман Муртазаев.

Команда бүгін Глазгода жаттығу өткізеді, ал ертең матч қарсаңындағы ресми іс-шаралар өтеді. 

Ойынның өзі Глазгода 16-нан 17-не қараған түні Астана уақытымен 00:45-те басталады. Тікелей эфирде матчты KazSport телеарнасы көрсетеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай