Еуропа Лигасындағы "Астана" - "Олимпиакос" матчы аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Еуропа Лигасындағы "Астана" - "Олимпиакос" матчы аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
В тобындағы төртінші тур кездесуі "Астана Арена" стадионында жергілікті уақытпен 22:00-де басталған болатын.
Ойынның 45-ші минутында есеп 1-1 болып теңесті. Алғашқы допты кездесудің сегізінші минутында "Астана" шабуылшысы Джордже Деспотович соққан еді.
"Олимпиакос" есепті ойынның 29-шы минутында теңестірді, голды жартылай қорғаушы Себа соққан болатын. Ойын аяқталғанша есеп өзгермеді.
Қазіргі кезде топта жеті ұпаймен "Олимпиакос" алда тұр, одан кейін 6 ұпаймен АПОЭЛ орналасты. "Янг Бойз" 4 ұпаймен үшінші орында, ал "Астана" екі ұпаймен тізімді аяқтап тұр. Қазақстандық клуб плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалды.
22 қарашада өтетін келесі матчта "Астана" өз алаңында АПОЭЛ командасын қабылдайды. Ойын жергілікті уақытпен 22:00-де басталады, ал ойынды тікелей эфирде "ОҢ-ТВ" арнасы көрсетеді.