29 қараша 2019 09:21

"Астана" ойыншыларының қалай қуанғанын естідім - "МЮ" бас бапкері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Англиялық "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі "Астанаға" қарсы матч жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Англиялық "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі "Астанаға" қарсы матч жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Біз ойынды өте жақсы бастап, тамаша гол соқтық. Екінші таймда қақпамызға қатарынан екі гол жібергеннен кейін, өз ойынымызды жоғалтып алдық. Артынша бізде тағы да гол соғатын мүмкіндік болды. Негізгі құрам сапында дебютін өткізген үш футболшы да өздерін жақсы қырынан көрсете білді. Ойын соңына таман қарсыласты қыспаққа алғанымызбен, бізге уақыт жеткен жоқ", - деді Сульшер баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ бапкер "Астана-Аренаның" жасанды алаңына баға берді. 

"Алаң сапасы өте жақсы. Ойыншыларымның ешқайсысы жарақат алған жоқ. Ауа райының қолайсыздығы осындай алаңда ойнауға мәжбүрлеп отырғанын біз жақсы түсінеміз. Біздің ешқандай өкпеміз жоқ", - деді ол. 

Сонымен қатар, "МЮ-дің" бас бапкері "Астана" сапынан бірнеше ойыншыны атап өтті. 

"Бұл ойын "Астананың" өз алаңындағы соңғы ойыны болғандықтан, олар барын салды. Стадионға барынша көп жанкүйер жиналып, олар осы нәтижеге қуанғаны анық. Ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмеде ойыншылардың қалай қуанғанын естідім. Сіздердің құрам сапынан Дмитрий Шомконы және екі орталық қорғаушыны (Постников пен Логвиненко) ерекше атап өтер едім. Мен барша қазақстандықтарға ерекше ықыластыры үшін алғыс айтып, жеңістерімен құттықтағым келеді", - деді Уле-Гуннар Сульшер.

Естеріңізге салсақ, "Астана" Еуропа лигасы топтық кезеңінің бесінші турында өз алаңында англиялық "Манчестер Юнайтедті" 2:1 есебімен жеңген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети