"Астана" румын футболшысын сатып алмақшы - БАҚ

06 Қаңтар, 14:21
0
"Астана" румын футболшысын сатып алмақшы - БАҚ - © dincolodesport.eu
© dincolodesport.eu

"Астана" футбол клубы румын жартылайқорғаушысы Михай Бордеянуды сатып алмақшы, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Румыниялық gsp.ro порталының мәліметінше, елдегі ең мықты командалардың бірі Клужға ұсынсы жасаған. Футболшы үшін 500 мың еуро ұсынған. Немістің transfermarkt.com порталы ойыншыны 800 мың еуроға бағалаған. 27 жастағы Бордеян орталық жартылайқорғаушы позициясында өнер көрсетеді. 

Осыған дейін, "Астана" сапынан белорусь жартылайқорғаушысы Иван Маевскийдің клубтан кететіні туралы белгілі болды. 

Бордеяну спорттық мансабын румынияның "Ботошани" клубында бастаған. Ол онда 2017 жылға дейін өнер көрсетті. Сондай-ақ, румыниялық жартылайқорғаушы жоғарғы лигадағы "Дорохой" клубы үшін де өнер көрсетті. Қаңтарда ол "Клуж" сапына ауысып, командамен бірге ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, футболшы Румыния Суперкубогын жеңіп алды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай