04 тамыз 2016 10:07

"Астана" "Селтик" командасынан жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

"Астана" футболшылары"Селтик" командасынан қарымта ойында жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астана" футболшылары"Селтик" командасынан қарымта ойында жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Селтик Парк" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Екі голды да олар пенальтиден соқты. Бірінші таймда алаң иелері басымдыққа ие болды. Олар көбірек допты ұстап, қақпаға көбірек бағыттады, ал "Астана" қауіпті жағдай туғыза алмады. Оның барлық шабуылы екі рет бұрыштама добын ойынға қосумен ғана аяқталды.

"Астана" командасының қақпасына бірінші гол бірінші таймның аяқталар кезінде төрешінің қосқан уақытында соғылды. Абзал Бейсебеков айып алаңында өрескел қателік жіберіп, шотландиялықтар айып добын сәтті орындап, есеп ашты. Үзілістен оралған астаналықтар ойынның екінші жартысын белсенді бастап, жақсы шабуылдар ұйымдастырды. Ойынның 56-шы минутында астаналықтардың соққан голы саналмай қалды. Сондай сәттердің бірінде қарсыластар қақпасы бос қалып, алаңға тыңнан қосылған 9-шы номердегі жартылай қорғаушымыз Агим Ибраими айып алаңының сыртынан қақпаны нысанаға алып, 62-ші минутта есепті теңестірді.

Екінші таймның соңында төреші ескі әдетіне басып, "Астана" қақпасына екінші пенальтиді белгіледі. Бұл жолы 10-шы номердегі шабуылшы Мусса Дембеле мүмкіндікті мүлт жібермеді. Сөйтіп, "Селтик" пен бас төреші жабылып жүріп, "Астананы" үшінші іріктеу турында сүріндірді.

Айта кетейік, қос ойынның қорытындысында 3:2 есебімен жеңіске жеткен шотландиялық клуб келесі кезеңге өтті. Ал "Астана" командасы Чемпиондар лигасын осы жерден тәмамдап, Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде ойнайтын болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети