Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Астана" Стойловқа жылына миллион доллар ұсынады - БАҚ

06 Қараша 2015, 14:23
3
© ru.uefa.com
© ru.uefa.com

Болгар ақпарат құралдарының мәліметінше, қазақстандық "Астана" футбол клубы бас бапкер Станимир Стойловпен келісімшарт мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, клубтың демеушілері басшылықтың алдына болгар маманын сақтап қалу міндетін қойды.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, Стойловтың жалақысын көтеру жоспарланған. Ол бұрынғыдай жылына 700 000 доллар емес, миллион доллар алатын болады. Айта кетейік, Стойловтың "Астанамен" жасасқан келісімшартының мерзімі осы маусымда аяқталады. Ол бұған дейін екі бірдей жақсы ұсыныс алды, ұсынысты Қытай және Катар клубтары жасады. Мысалы, қытай клубы Стойловқа екі жылға келісімшартқа отыруды және жылына 5 миллион доллар жалақыны ұсынды. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.

Еске сала кетейік, 48 жастағы Станимир Стойлов 2014 жылдың жаз мезгілінен бастап "Астана" клубын басқарып келеді. Оның басшылық етуімен бұл команда Қазақстан чемпионы атанды, Суперкубокте жеңді және Чемпиондар лигасының топтың кезеңіне өтті. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай