08 қараша 2019 09:49

"Астана" төртінші рет жеңіліп, плэй-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елордалық "Астана" Еуропа лигасының 4-турында голландиялық "АЗ Алкмардан" жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Елордалық "Астана" Еуропа лигасының 4-турында голландиялық "АЗ Алкмардан" жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

L тобындағы ойын 7 қарашада "Астана Аренада" өтіп, қонақтардың пайдасына 5:0 есебімен аяқталды. 

Бірінші таймда бір ғана гол соғылды. 29-минутта голландиялық клубтың 18 жастағы шабуылшысы Майрон Боаду есепті ашты. 

Екінші таймның басында матч тағдыры шешілді деуге болады. АЗ екі минуттың ішінде "Астана" қақпасына тағы екі гол тоғытты: 55-минутта Норвегия құрамасының жартылай қорғаушысы Фредрик Мидтше, 57-минутта Марокоо құрамасының форварды Уссама Идрисси көзге түсті. 

76-минутта Грекия құрамасының қорғаушысы Пантелис Хацидиакос өз командасының төртінші голын соқты. Араға бір минут салып, Боаду дубль жасады. 

24 қазанда Голландияда АЗ "Астананы" 6:0 есебімен жеңген болатын. 

Осылайша, "Астана" топтағы төрт матчында да жеңіліп, Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. 

Енді "Астана" 28 қарашада англиялық "Манчестер Юнайтедті" қабылдайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети