14 тамыз 2015 11:27

Астанада Чемпиондар лигасының матчы кезінде жолдар жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада футболдан Чемпиондар лигасының матчы кезінде жол қозғалысына шектеу қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада футболдан Чемпиондар лигасының матчы кезінде жол қозғалысына шектеу қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тамыздың 18 күні сағат 22:00-де "Астана Арена" стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші футбол матчы - "Астана" мен АПОЭЛ (Кипр) арасындағы кездесу өтеді.

Осыған орай, сағат 20:00-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран аумағында, сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар мен Хусейн Бен Талал көшелерінде жол қозғалысы шектеледі. Айналып өту бағыты - Орынбор көшесі.

Көрермендерді жинау және жеткізу үшін Астана қаласы әкімдігі бөлген арнайы автобустар қатынайды. Қоғамдық көліктер "Қазақстан" спорт кешені, "Салтанат Сарайы", Елордалық цирк, "Әзірет Сұлтан" және "Нұр Астана" мешіті, Мұнайтпасов атындағы стадион тұрағы мен Ақжайық көшесінде орналасқан Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры алдында тұрады.

Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен футбол матчы кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 2 мыңға жуық сарбазы күшейтілген режимде қызмет етеді.

Осыған дейін "Астана" командасының Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Кипр елінің АПОЕЛ клубымен ойнайтыны хабарланған еді. Бұл туралы Швейцарияның Ньон қаласындағы жеребе нәтижесінде белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети