17 тамыз 2017 09:52

"Астананың" "Селтиктен" жеңілуі Қазақстан үшін Чемпиондар Лигасындағы ең ірісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

"Астана" футболшыларының шотландиялық "Селтиктен" 0:5 есебімен жеңілуі Қазақстан үшін Чемпиондар Лигасындағы ең ірісі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астана" футболшыларының шотландиялық "Селтиктен" 0:5 есебімен жеңілуі Қазақстан үшін Чемпиондар Лигасындағы ең ірісі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан алғаш рет чемпиондық ойынды 2002 жылы өткізген болатын. 2003/04 маусымды лицензияға қатысты проблемаларға байланысты өткізіп алып, кейінірек Чемпиондар Лигасына ұсынылды. Осы уақыт аралығында Чемпиондар Лигасына 7 қазақстандық команда қатысты. 

2207 жылы "Астана" (қазіргі клуб емес) норвегиялық "Русенборг" командасынан жеңілген болатын. Бірақ ол кезде "Астана" сонда да Чемпиондар Лигасының бастапқы ойындарына өткен алғашқы қазақстандық команда ретінде қатысты.

"Ақтөбе" командасы жайлы айтатын болсақ, "Ақтөбе" 2008 жылы Молдовияның "Шериф" командасынан 0:4 есебімен жеңілген болатын. Ал қазіргі  "Астана" футболшылары дәл осындай есеппен мадридтік  "Атлетико" командасынан жеңілді.

Айта кетейік, "Селтик"-"Астана" командалары арасындағы жауапты матч 22 тамызда Астанада өтеді. Жеңген команда Чемпиондар Лигасының топтың кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген топ Еуропа Лигасына қатысады.

Еске сала кетейік, "Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының плей-офф раундындағы сырт алаңда өткізген кездесуінде шотландиялық "Селтиктен" ірі есеппен жеңілген болатын. Ойын Глазгодағы "Селтик Парк" стадионында өтіп, 5:0 есебімен аяқталды. Матч кезінде жаңбыр жауып, күшті жел тұрғанын айта кетейік. Ойынның басында қос команданың да гол соғатын мүмкіндігі болған жоқ. Бірінші соққыны 20-шы минутта "Астана" жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов жасады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети