03 қараша 2015 14:07

"Атлетико" Астананың аязында жасаған жаттығуларының видеосын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/Shamil Zhumatov © REUTERS/Shamil Zhumatov

Испаниялық "Атлетико" Чемпиондар лигасының матчы алдындағы дайындықтары мен астаналық климаттың видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Испаниялық "Атлетико" Чемпиондар лигасының матчы алдындағы дайындықтары мен астаналық климаттың видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мадрид командасы Youtube желісіндегі ресми аккаунтында қысқаша видеоны жариялады. Авторлар бір минуттық роликке елорданың барлық табиғи көрінісі мен футболшылардың қарапайым жұмыс күндерін түсіріп, видеосын таратты.

Кадрдан ойыншылардың суыққа қарамастан, тамаша көңіл күймен жаттығып жүргендерін көруге болады. Ал "Астана" ойыншыларының өз алаңында қарсыластарына қалай жауап қайтаратыны бүгін, 3 қараша күні кешке белгілі болады. Матч "Астана Арена" стадионында сағат 21.00-де басталады. Ойынды "Таң" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Букмекерлердің ойынға қатысты болжамдарын мына жерден көруге болады.

Еске сала кетейік, "Астана" клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші турының матчында "Атлетико" командасынан 4:0 есебімен жеңілді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети