10 наурыз 2016 12:31

"Атлетико" сапында өнер көрсететін қазақстандық футболшы "Астана" клубына ауысуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com © Vk.com

Мадридтік "Атлетико" клубының және Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Дінмұхамед Қашкен "Астанаға" ауысуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Мадридтік "Атлетико" клубының және Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы Дінмұхамед Қашкен "Астанаға" ауысуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан Футбол федерациясының сайтында Тәжікстанда өтетін оқу-жаттығуға қатысатын 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының құрамы жарияланды. Осы тізімге Дінмұхамед Қашкен де енгізілген. Бұған дейін ол жастар құрамасына "Атлетико" клубының ойыншысы ретінде шақырылса, қазір Қашкен "Астана" ойыншысы ретінде көрсетіліпті.

Оның "Астана" клубына ауысуын растайтын басқа деректер де бар. Мәселен, елордалық клубтың қосымша құрамы ақпанда Тәжікстанда жиналған еді. Қашкен сол шараға қатысып қана қоймай, жолдастық кездесуде қарсылас қақпасына доп соғу арқылы көзге түсті. Сонымен қатар, ол 23 ақпан мен 7 наурыз аралығында Шымкентте өткен кездесулерге де қатысты.

Айта кетейік, Дінмұхамед Қашкен Алматыдағы Республикалық спорт колледжінде білім алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети