19 тамыз 2014 17:32

"Барселона" Суаресті 81 миллион еуроға сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес өз қатарына қосып алу үшін "Барселона" 81 миллион еуроға шығындалды, - хабарлайды РИА Новости


Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес өз қатарына қосып алу үшін "Барселона" 81 миллион еуроға шығындалды, - хабарлайды РИА Новости

Өткен маусымда ағылшынның "Ливерпулі" сапында ойнаған Суарес каталониялық клбупен бесжылдық келісімшарт жасады. Шабуылшы сейсенбі, 19 тамыз күні "Леон" клубына қарсы болған кездесуде өзінің жаңа клубы сапындағы алғашқы ойынын өткізді. "Суарестің трансфері 81 миллион еуро болды", - дейді "Барселонаның" вице-президенті Жорди Местре. 

Еске салайық, Суарес Бразилияда өткен әлем чемпионатында басы дауға қалды. Ол 24 маусым күні Уругвай мен Италия құрамалары арасындағы ойында италиялық қорғаушы Джорджио Кьеллинидің иығынан тістеп алған болатын. Бірақ бұл эпизод кездесудің бас төрешісі Марко Родригестің назарынан тыс қалды. Осы ойыннан кейін ФИФА-ның тәртіпті бақылау комитеті бұл істі қолға алып, Уругвай шабуылшысын екі жылға футболдан шеттету керектігін айтқан. 

Бірақ кейіннен Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Суаресті тоғыз матчқа қатыстырмау туралы шешім шығарды. Ал өрескел қылығы үшін футболшы өзінің жаңа клубы сапында төрт айға футболға қатысты кез келген іс-шарадан, одан қалды, әкімшілік жұмыстардан да шеттетілген-ді. Жаза уақыты 25 қазан күні аяқталады. Дегенмен Лозаннадағы спорт істері бойынша төрелік ететін сот (CAS) өткен аптада  оған командаластарымен бірге жаттығу жасауға, жолдастық кездесулерге қатысуға және жарнама жұмыстарына араласуға рұқсат берді.

Ал футболшы Уругвай және Италия арасындағы матчынан кейін ФИФА-ға жазған түсініктемесінде Италия құрамасының қорғаушысы Джорджио Кьеллиниді тістемегенін, оның иығына тісімен соғылғанын мәлімдеді. "Болған жайт менің тарапымнан Кьеллиниді тістеп алайын деген ниеттен тумады. Соққыдан кейін мен тепе-теңдікті жоғалтып, ойыншыға бетіммен соғылдым, бетіме кішкентай дақ түсіп, тісім қатты ауырып қалды", - деп жазды Суарес. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети