62 жасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәрсекенов Бауыржан Жолдасұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы ҚФФ сайтына сілтеме жасап.
62 жасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сәрсекенов Бауыржан Жолдасұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы ҚФФ сайтына сілтеме жасап.
Сәрсекенов "Мұнайшы" (Ақтау), "Намыс" (Алматы), "Ақжайык" (Атырау), ЦСКА (Алматы), "Жетісу" (Талдықорган), "Ордабасы" (Шымкент) және басқа клубтарда жаттықтырушы болған. Қазақстанның жастар құрамасын да жаттықтырған.
"Қазақстанның футболын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапатталған.
Қазақстан құрамасы үшін Марат Шахметов, Марк Гурман, Жамбыл Көкеев, Артем Фомин сияқты шәкірттерді баптады.
Жастар құрамасын жаттықтырған кезде Юрий Логвиненко, Танат Нөсербаев, Сабырхан Ибраев, Захар Коробов, Сергей Шафф сияқты футболшыларды тәрбиеледі.
Қазақстан футбол федерациясының ұжымы Бауыржан Сәрсекеновтың туыстары мен жақындарына көңіл білдіреді.