25 қараша 2015 19:00

"Бенфика" Астанаға 100 бас киім мен 120 термокиім әкелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лиссабондық "Бенфика" Астанға 100 бас киім мен 120 термокиім әкелді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Португалияның Record басылымына сілтеме жасап.


Лиссабондық "Бенфика" Астанға 100 бас киім мен 120 термокиім әкелді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Португалияның Record басылымына сілтеме жасап.

Португалиялық команда оның үстіне 60 қысқы куртка, 10 көрпе, синтетика алаңда ойнауға арнайы бутстар мен тобыққа дейін түсетін ішкиім алып келген.  

25 қарашада Астанада кешкі уақытта, Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы 3 градус нольден төмен болады. 

"Астана" - "Бенфика" матчы 21:00-де басталып, "Астана Арена" стадионының жабылған алаңында өтеді. Тікелей эфирде ойынды "ОҢ-ТВ" телеарнасы таратады (бұрынғы "Таң").

"Бенфика" - оңай қарсылас емес. Бірақ біз өз алаңымыздамыз және футбол шайқасына дайынбыз. Біз ұпай алуға бар мүмкіндігімізді саламыз. Біз қиын чемпионаттан өттік және ойыншылар жақсы ойнайтындарына сенімді. Жанкүйерлер жақсы қолдау білдіріп жатса қарсыласқа төтеп бере аламыз", - деді "Астана" футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов. 

"Астанада ешкім әлі жеңіске жеткен жоқ және бұл "Астананың" қуатын көрсетеді. Біз қарсыласымызды құрметтейміз, бірақ жеңгіміз келеді", - деді "Бенфиканың" бас бапкері Руи Витория. 

"Астана" ойыншылары сары түсті формада, ал "Бенфикалықтар" ақ-қызыл түсті формада ойнайды. 

Еске салайық, "Бенфика" мен "Астана" осыған дейін қыркүйекте кездесу өткізген еді. Лиссабондағы кездесу 2:0 есебімен аяқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети