"Бенфиканың" Бас бапкері Руй Витория Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңнің бірінші турындағы өз клубының жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бенфиканың" Бас бапкері Руй Витория Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңнің бірінші турындағы өз клубының жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Күткеніміздей, қарсыластарымыз осал болмай шықты. "Астана" бірқатар жақсы сәтті ұсынды, дегенмен голды біздің команда соқты. Қонақтарымыз біздің шабуылдарды бірнеше мәрте тойтарды және өз қақпалары да қорғалды", - деді Витория.
Оның айтуынша, матч қиын болды және оның қол астындағы ойыншылар бұл кездесуге өте салмақты көзқарас танытты. "Чемпиондар лигасының жаңа маусымының жеңіспен басталғаны қуантады. Бірақ алдағы қарсыластарымыз бұдан да мықты болады, сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды", - деді ол.
Өз кезегінде "Астананың" Бас бапкері Станимир Стойлов "Бенфикамен" болатын қарымта кездесуде оның қол астындағы футболшылардың ұпай алуға тырысатынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, елордалық "Астана" командасы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің матчында Португалияның "Бенфика" клубынан жеңілді. Лиссабонның "Эштадиу да Луш" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен португалиялық клубтың пайдасына шешілді.
"Астана" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі келесі кездесуін 30 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында "Галатасарайға" қарсы өткізеді.