04 шілде 2014 17:30

Бразилия Колумбиядан жеңілуге "дайындалып" жатыр ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото mirror.co.uk сайтынан Фото mirror.co.uk сайтынан

Футболдан әлем чемпионатының ширек финалындағы Бразилия және Колумбия құрамалары арасындағы матчта қауіпсіздік шараларына айрықша көңіл бөлінетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.


Футболдан әлем чемпионатының ширек финалындағы Бразилия және Колумбия құрамалары арасындағы матчта қауіпсіздік шараларына айрықша көңіл бөлінетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz шетелдік басылымдарға сілтеме жасап.

Mirror басылымының мәлімдеуінше, Бразилия және Колумбия құрамалары арасындағы матчта қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін мыңдаған сарбаз бен полиция қызметкері тартылып отырған көрінеді.

Форталезедегі "Эстадио Кастелао" стадионына кіретін есіктер алдында көрермендерді бастан-аяқ тексеріп өткізуге айрықша көңіл бөлінбекші екен.

100 000 полиция қызметкері мен сарбаздар жерде де, көкте де, суда да кезекшілік етіп, сақадай-сай тұратындығы да жазылған.

Әлем чемпионатын ұйымдастырушылар Бразилия құрамасы Колумбия футболшыларынан ұтылып қалса, жергілікті фанаттардың жаппай тәртіпсіздікке салынып, бой бермей кетулері мүмкін екендігінен қауіптеніп отырған көрінеді.

Өз кезегінде Колумбия үкіметі де қамданып жатқанға ұқсайды. 24smi басылымының мәлімдеуінше, бұл елдің астанасында кешеден бері ішімдік атаулысын сатуға тыйым салыныпты.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатындағы Бразилия – Колумбия матчы бүгін түнде, Астана уақытымен 02:00-де басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети