20 ақпан 2017 20:47

Бразилиялық футболшы нәсілшіл жанкүйерлердің мазағынан жылап жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Star sport, MN Press, FK Partizan © Star sport, MN Press, FK Partizan

Сербия чемпионатында "Рад" және "Партизан" (0:1) командалары арасындағы ойын даумен аяқталды, - деп хабарлайды Mozzart Sport.


Сербия чемпионатында "Рад" және "Партизан" (0:1) командалары арасындағы ойын даумен аяқталды, - деп хабарлайды Mozzart Sport.

Финалдық ысқырық шалынған соң "Партизан" клубының хавбегі Эвертон Бильер қарсылас команданың жанкүйерлерінің қорлығына шыдай алмай, ортаңғы саусағын көрсеткен. Оның айтуынша, ойын барысында ол нәсілшіл айыптауларды естумен болған. Осы әрекеті үшін судья оған ескерту жасаған. 

"90 минут бойы мені нәсілшіл айыптаулармен қорлады. Мен қарсылас команданың осы жағдайды құптағанына көңілім құлазып кетті. Барлығы маған шабуыл жасады. Мұны тезірек ұмытқым келеді. Мен Сербияны жақсы көремін, маған халқы ұнайды, мен сол себепті де жыладым. Өтінемін, нәсілшілдікке жоқ деңіздерші", - деді Эвертон.

Ойын аяқталғаннан кейін "Рад" клубының өкілдері Бильерге қатысты нәсілшіл айыптаулар болмағанын айтты. Олардың ойынша футболшының өзі жанкүйерлерді осыған итермелеген, ал БАҚ осыны "дабыраға айналдырып жіберген". Сонымен қатар, "Партизан" командасының басқа да ойыншылары камерундық Леандре Тавамба (бұрын "Қайрат" сапында ойнаған) және бразилиялық Леонардаға қатысты еш уақытта қорлауға тап болмаған. 

28 жастағы Бильер 22016 жылдың қаңтарынан бастап "Партизан" намысын қорғап жүр. Бұрындары ол Швейцария, Мексика, Румыния және өзінің отаны Бразилия құрамалары үшін ойнаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети