10 сәуір 2016 10:45

Біз Қазақстанға тосынсый дайындап жатырмыз - футзалдан Польша құрамасының бапкері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анджей Бянга © przegladsportowy.pl  Анджей Бянга © przegladsportowy.pl

Футзалдан Польша құрамасының бас бапкері Анджей Бянга Przeglad Sportowy басылымына берген сұхбатында Қазақстан құрамасымен өтетін кездесуден не күтетіні жайында айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Футзалдан Польша құрамасының бас бапкері Анджей Бянга Przeglad Sportowy басылымына берген сұхбатында Қазақстан құрамасымен өтетін кездесуден не күтетіні жайында айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалар 12 сәуірде Алматыда кездеседі. Жеңімпаз қыркүйекте Колумбияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Еске сала кетейік, Қазақстан мен Польша құрамалары арасындағы бірінші кездесу 1:1 есебімен тең түсті.

"Біз жеңеміз! Біз Қазақстанды таңғалдырамыз. Бірінші матчта бізге ешкім сене қоймаған болатын. Ойын басында біздің қимылдарымыздан қызбалық көрінді. Ойыншылар матчтың теледидардан көрсетілетінін білді, ал трибунада Польша футбол Федерациясының президенті Збигнев Бонек болды. Бірақ біраз уақыттан кейін қызбалық басылды. Біз ойынды жалғастыра бердік. Бірінші матч ешнәрсені шешкен жоқ, біз ойыннан қалай жеңілсек, солай жеңіске де жететін едік", - деді Бянга.

Оның айтуынша, поляктар қарсыластарына тосынсый болатын ерекше тактика ойлап тапты. "Қазақстандықтар машықтану жаттығуларын 2 сәуірде бастады. Өздеріңіз көріп отырғандай, олар ойынға шындап кірісті. Ал біз тактикамен жұмыс жасап жатырмыз. Бізде қарсыластарымызға тосынсый болатын ойынның бірнеше сызбасы бар", - деді Польша құрамасының бапкері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети