25 сәуір 2018 09:10

Чемпиондар лигасы: "Ливерпуль" мен "Рома" жеті гол салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Чемпиондар лигасының бірінші жартылай финалдық кездесуінде "Ливерпуль" мен "Рома" кездесті. 24 сәуірде "Энфилд" стадионында өткен ойын 5:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. 


Чемпиондар лигасының бірінші жартылай финалдық кездесуінде "Ливерпуль" мен "Рома" кездесті. 24 сәуірде "Энфилд" стадионында өткен ойын 5:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. 

Алаң иелері ойын соңына дейін қонақтар қақпасына бес гол салып, өз бақылауында ұстады. Алайда италиялық клуб ойын аяқталар сәтте есепті екі голға қысқартты. 

"Ливерпуль" командасынан Мохаммед Салах (35', 45'), Садио Мане (56') және Роберто Фирмино (61', 68') көзге түсті, ал "Рома" командасынан Эдин Джеко (81') және Перотти (пенальтиден, 85') қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді.

Салахтың бірінші салған голы өте тамаша шықты. Ойынның 35-ші минутында Фирмино мысырлық футболшыға допты айып алаң шекарасында тастап кетті, ол өзіне келген жақсы мүмкіндікті сәтті пайдалана білді. 

Қарымта ойын 2 мамырда Римде өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети