23 шілде 2014 11:37

Чемпиондар лигасы: Логвиненко мен Бадло "Ақтөбеге" көмектесе алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Логвиненко, Бадло және Примус. Vesti.kz© Логвиненко, Бадло және Примус. Vesti.kz©

"Ақтөбе" футбол клубының қорғаушысы Юрий Логвиненко Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында тбилисилік "Динамоға" қарсы кездесуде командасына көмектесе алмайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Ақтөбе" футбол клубының қорғаушысы Юрий Логвиненко Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында тбилисилік "Динамоға" қарсы кездесуде командасына көмектесе алмайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Порталдың хабарлауынша, 25 жастағы қорғаушы жеңіл жарақат алып қалды. Одан бөлек, бұл кездесуде "Ақтөбе" клубының бас бапкері Владимир Газзаев команданың капитаны Петр Бадло мен қорғаушы Роберт Примусқа үміт арта алмайды. Капитанның жарақат алып қалуына байланысты "Динамомен" өтетін кездесуде "Ақтөбені" алаңға қақпашы Андрей Сидельников бастап шығады.

Еске салайық, "Ақтөбе" және "Динамо" арасындағы кездесу 23 шілде күні өтеді. Астана уақытымен 21.00-де басталатын бұл матчты KazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Айта кетейік, бұл екі клуб арасындағы Тбилисиде өткен кездесу 1:0 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына шешілген еді.   

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети