Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші айналымында сегіз ойын өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші айналымында сегіз ойын өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
А тобында "Манчестер Юнайтед" өз алаңында португалиялық "Бенфиканы" қабылдап - 2:0 есебімен жеңді. Бұл ойында да 18 жастағы Миле Свилар тағы да ерекше көзге түсті.
Осы топта мәскеулік ЦСКА швейцариялық "Базель" командасын ұтты - 2:1.
В тобында француздық "ПСЖ" футболшылары бельгиялық "Андерлехт" клубын талқандады - 5:0.
Осы топта шотландиялық "Селтик" өз алаңында "Бавариядан" жеңіліп қалды - 1:2.
Осы нәтижелер "ПСЖ! мен "Бавария" футболшыларына плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік берді, ал "Селтик" пен "Андерлехт" қалған турларда Еуропа Лигасының жолдамасына таласады.
С тобында мадридтік "Атлетико" өз алаңында әзірбайжандық "Карабах" футболшыларымен тең ойнады - 1:1.
Осы топта италиялық "Рома" ағылшындардың "Челси" командасын талқандады - 3:0.
D тобында грекиялық "Олимпиакос" испаниялық "Барселонаға" төтеп берді - 0:0.
Осы топта португалиялық "Спортинг"өз алаңында италиялық "Ювентусты" қабылдады - 1:1.