07 қараша 2019 09:23

Чемпиондар лигасы: "Реалдың" 18 жастағы ойыншысы хет-трик жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 қарашада, сәрсенбіде Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші турының ойындары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


6 қарашада, сәрсенбіде Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші турының ойындары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

А тобында париждік ПСЖ белгиялық "Брюгге" клубымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңді. Ойынның 22-минутында Мауро Икарди жалғыз голдың авторы атанды. 


Осы топта өнер көрсетіп жатқан мадридтік "Реал" түркиялық "Галатасарайды" 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Бразилиялық 18 жастағы шабуылшы Родриго (4, 7, 90) түркиялықтардың қақпасынан үш рет саңылау тапты, ал Карим Бензема (45, 81) екі гол салды, тағы бір голды Серхио Рамос салды. Бразилиялық футболшы Чемпиондар лигасының тарихында ең жылдам дубль жасады.

В тобында мюнхендік "Бавария" өз алаңында грекиялық "Олимпиакосты" жеңіп, мерзімінен бұрын 1/8 финалға шықты. Ойын 2:0 есебімен аяқталды. Роберт Левандовский (69) мен Иван Перишич (89) өз командаларына жеңіс алып келді. 

Осы топтағы лондондық "Тоттенхэм" қонақта белградтық "Црвена Звезда" командасына жауапсыз төрт гол салды. Джовани Ло Чельсо (34), Сон Хын Мин (57, 61) және Кристиана Эриксен (85) қақпаға дөп тиді. 

С тобында Донецк қаласының "Шахтер" клубы загребтік "Динамомен" тең түсті. Есеп - 3:3. "Динамо" сапында Бруно Петкович (25), Лука Иванушеч (83) және Ариян Адеми (89) көзге түсті. Ал "Шахтер" құрамындағы Алан Патрик (13), Жуниор Мораэс (90+3) және Тете (90+8, пенальтиден) есепті барынша теңестіруге тырысып бақты. 

"Манчестер Сити" италиялық "Аталанта" клубымен тең ойнады. Рахим Стерлинг кездесудің 7-минутында есеп ашты, алайда 49-минутта Марио Пашалич жауап қайтарды. Кездесудің 81-минутында қақпашы Клаудио Браво алаңнан қуылды. Оның орнына қорғаушы Кайл Уокер қақпаны күзетті. 

D тобында мәскеулік "Локомотив" өз алаңында "Ювентустен" жеңілді - 1:2. Туриндік ұжымнан Аарон Рэмзи (4) және Дуглас Коста (90+3) көзге түсті, ал алаң иелері сапынан Алексей Миранчук (12) қанжығасын майлады. 

"Байер" өз алаңында мадридтік "Атлетиконы" 2:1 есебімен ұтты. "Атлетико" ойыншысы Томас Парти (41) автогол соғып, алаң иелерін алға шығарған. Кейін Кевин Фолланд (55) "Байердің" басымдығын ұлғайтты. Матч соңына қарай қонақтардың шабуылшысы Альваро Мората (90+4) есеп айырмасын қысқартқан, бірақ бұл "Атлетиконың" жеңілістен құтылып кетуіне көмектеспеді.  

ЧЛ топтық кезеңінің бесінші туры 26-27 қарашада өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети