13 желтоқсан 2018 09:48

Чемпиондар лигасы: "ЦСКА "Реалды" ойсырата жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің ақтық сынында мәскеулік ЦСКА мадридтік "Реалды" ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің ақтық сынында мәскеулік ЦСКА мадридтік "Реалды" ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен ресейлік клубтың пайдасына шешілді. Бірінші таймда ресейлік клубтың шабуылшысы Федор Чалов 37-ші минутта есеп ашты, араға алты минут (43-ші) салып қорғаушы Георгий Щенников есепті еселеді. Ойынның 73-ші минутында жартылай қорғаушы Арнор Сигурдссон финалдық кездесудің нүктесін қойды. 

Осындай есеппен корольдік клубты жеңгеніне қарамастан небәрі 7 ұпай жинаған ЦСКА G тобында төртінші орынды қанағат тұтты. Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне бұл топтан "Реал" және италиялық "Рома"шықты. Ал чехиялық "Виктория" командасы Еуропа лигасында өнер көрсетеді. 

Айта кетейік, 12 желтоқсанда Астана уақытымен 23:55-те чехиялық "Виктория Пльзень" мен италиялық "Рома" және испаниялық "Реал" мен ресейлік ЦСКА ойнады.

Ал 13 желтоқсанған қараған түні 02:00-де "Аякс" (Голландия) - "Бавария" (Германия), "Бенфика" (Португалия) - АЕК (Грекия), "Валенсия" (Испания) - "Манчестер Юнайтед" (Англия), "Манчестер Сити" (Англия) - "Хоффенхайм" (Германия), "Шахтер" Донецк (Украина) - "Лион" (Франция) және "Янг Бойз" (Швейцария) - "Ювентус" (Италия) матчтері өтті.

QazSport арнасы "Реал" - ЦСКА және "Шахтер" - "Лион" матчтерін, ал Qazaqstan - "Валенсия - "Манчестер Юнайтед" кездесуін көрсетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети