04 тамыз 2017 | 16:37

Чемпиондар лигасында "Астана" қайтадан "Селтикпен" ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Астананың" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде кімге қарсы ойнайтыны анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

"Астананың" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде кімге қарсы ойнайтыны анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеребе тарту кезінде шотландиялық "Селтик" келесі қарсылас болатыны анықталды. Командалардың алғашқы ойындары 15 және 16 тамызда Глазгода өтеді, ал қарымта кездесу бір аптадан кейін Астанада болады.

"Астана" және "Селтик" мұның алдында да Чемпиондар лигасында бір-біріне қарсылас болғанын айта кетейік. Өткен маусымның екінші кезеңінде шотландиялық клуб "Астанадан" басым түскен еді. Глазгодағы есеп 1:1 болғанымен, пенальти тебу кезінде шотландиялықтар алға шықты.

Чемпиондар лигасының 2013/14 маусымында "Селтик" қарағандылық "Шахтерді" ұтқан болатын (0:2, 3:0).

Алдағы "Астана" - "Селтик" ойынының жеңімпазы Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алады. Ал ұтылған команданың Еуропа лигасында өнер көрсету мүмкіндігі бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети