12 сәуір 2018 | 09:24

Чемпиондар лигасында жартылай финалға өткен командалар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rsport.ria.ru © rsport.ria.ru

Чемпиондар лигасының ширекфиналдық ойындары аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Чемпиондар лигасының ширекфиналдық ойындары аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мадридтік "Реал" 1:3 есебімен италиялық "Ювентустан" ұтылғанына қарамастан, жартылай финалға шықты. Ойын драмаға толы болды. Ойынның екінші минутында Марио Манджукич қонақтарды алға сүйреп, 37-ші минутта дубль авторы атанды. 61-ші минутта Блез Матюиди "Реал" қақпашысы Кейлор Навастың қателігін сәтті пайдалана білді, осылайша туриндік клуб екі ойын нәтижесінде мадридтіктермен тең түсті. 

Алайда соңғы секундтарда пенальти орындау мүмкіндігін алды, ал "Ювентус" қақпашысы Джанлуиджи Буффон төрешімен дауласқаны үшін алаңнан қуылды. Он бір метрлік айып добын орындауда Криштиану Роналду мүлт кетпеді. Осылайша, 4:3 есебімен "Реал" келесі айналымға өтті.

"Бавария" өз алаңында испаниялық "Севилья" командасымен тең ойнады - 0:0. Екі ойынның нәтижесі бойынша мюнхендік команда бірінші ойында 2:1 есебімен жеңудің арқасында жартылай финалға шықты. 

Осыған дейін, жартылай финалған италиялық "Рома" мен ұлыбританиялық "Ливерпуль" өткен еді. Римдің клуб каталониялықтарды 3:0 есебімен тізе бүктірді, ал "Ливерпуль" болса "Манчестер Ситиді" екінші ойындада жеңді (2:1). 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети