09 қыркүйек 2014 08:54

Диего Марадона түнгі клубта төбелесіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Диего Марадона. Tengrinews.kz архивынан Диего Марадона. Tengrinews.kz архивынан

Футболдан Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі бұрынғы бапкері Диего Марадона Хорватияның Дубровник қаласындағы түнгі клубтардың бірінде төбелесіп қалды, - деп хабарлайды Metro.


Футболдан Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі бұрынғы бапкері Диего Марадона Хорватияның Дубровник қаласындағы түнгі клубтардың бірінде төбелесіп қалды, - деп хабарлайды Metro.

Басылымның ақпараты бойынша, Диего Марадона мен оның қасындағы серіктері түнгі клубта дем алып жатқан адамдармен жанжалдасып, нәтижесінде екі тарап қақтығысып қалған.

Жергілікті полиция бұл іске қатысты ешқандай шағым түспегенін айтады. Алайда олар қақтығыс болғанын жоққа шығармады. 

Айта кетейік, тамыз айында Диего Марадона журналистке қол көтерген еді. Бұл оқиға Аргентина құрамасының даңқты ойыншысы Диего Армандо Марадона өзінің ұлы Диего Фернандо және жұбайы Вероника Охедамен бірге театрдан қайтып келе жатқанда болған. Оның көлігін жолда тілшілер тоқтатып, сұхбат алуға тырысады. Марадонаның айтуына қарағанда, сұхбат барысында тілшілердің бірі оны әйеліне қадала қарап, көзін қысқан. Сөйтіп, ол көлігінен түсіп, тілшімен дөрекі сөйлескен. Әңгіме барысында бұрынғы футболшы шапалақпен тілшінің бетінен тартып қалады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети